Accessibility links

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кейбір мүшелерімен кездесті


Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 28 тамыз күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кейбір мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Тоқаев кеңес мүшелері Сейжахмет Құттықадам, Асылбек Қожахметов және Берік Әбдіғалимен кездескен. Кездесуде Ұлттық кеңес жұмысы талқыланған.

Тоқаевтың кеңес мүшелерімен кездесуі алдында, 28 тамызда Нұр-Сұлтанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері жиналған. Жиын мақсаты 6 қыркүйек күні өтетін кеңестің алғашқы отырысына алдын ала дайындалу екені айтылды. Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл отырысты "жұмыс тәртібін талқылаған ішкі жиналыс" деген.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамын 17 шілдеде бекіткен. Кеңесте 44 адам бар.

​Қазақстанда жыл басынан бері билікке қарсы наразылық шаралары көбейді. 9 маусым күнгі президент сайлауында 70 пайыздан артық дауыспен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев "халықтың жағдайы нашарлап кеткен соң наразылық көбейгенін, саяси өзгеріс болмаса, елдің жағдайы жақсармайтынын" айтқан. Нарызылық көбейген соң Тоқаев билік пен халықтың арасында диалог орнататын қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын мәлімдеген.

Бірақ кейбір сарапшылар Тоқаевтың бұл идеясын "кеңес мәжіліс депутаттары мен ақпарат және қоғамдық даму министрінің жұмысын қайталайды" деп сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG