Accessibility links

Өзбекстан президенті 65 сотталушыға рақымшылық жасады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Тәуелсіздік күні қарсаңында арнайы жарлыққа қол қойып, 65 сотталушыға рақымшылық жасады. Бұл ақпаратты жергілікті телеарналарға сілтеме жасаған Gazeta.uz сайты хабарлады.

Ақпарат бойынша, "өз қылмыстарына өкініп, түзелу жолына түскен азаматтар" рақымшылыққа ілінген.

Жарлыққа сәйкес, 17 сотталушы жазасынан толық босатылады. 13 адам шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығады. 20 тұтқынның жазасы жеңіл жазамен алмастырылады. Бас бостандығынан айрылған 14 адамның жазасы қысқартылмақ. Бас бостандығы шектелген бір адам жазадан босатылады.

Рақымшылыққа ілінгендер арасында төрт әйел бар. Сотталушылардың бірінің жасы 60-тан асқан, бірі шетел азаматы. 39 азамат "тыйым салынған ұйымның ісіне араласқаны үшін" сотталған.

Жарлыққа сәйкес, жауапты министрлік, ведомстволар олардың қоғамға бейімделуі мен еңбекке араласуын қамтамасыз етпек.

Оқи отырыңыз: Түркіменстанда жүздеген сотталушыға рақымшылық жасалды

Соңғы үш жылда Өзбекстанда жеті рет рақымшылық жарияланып, оған 3952 адам ілінген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG