Accessibility links

Украинаның жаңа парламенті алғашқы отырысын өткізіп жатыр


Жоғарғы Рада отырысы. Киев, 29 тамыз 2019 жыл.
Жоғарғы Рада отырысы. Киев, 29 тамыз 2019 жыл.

29 тамызда Украинада жаңа жасақталған жаңа парламент жұмысын бастады. Салтанатты шара кезінде 424 депутат ант қабылдаған. Оған Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы, Еуропа парламенті, ЕҚЫҰ өкілдері шақырылған. Отырысқа Украина президенті Владимир Зеленский де қатысып жатыр.

"Настоящее время" телеарнасы шарадан тікелей эфирде хабар таратты:

Украина парламентінің басым бөлігі президенттік "Слуга народа" партиясы мүшелерінен құралған. Оларға парламенттен 254 орын берілген. Бұрын-соңды бір партиядан осыншалықты көп депутат парламентте отырып көрмеген. Сарапшылар мұндай басымдықпен "Слуга народа" партиясы кез келген заңды қабылдай алатынын айтып отыр. Тек Конституцияға өзгеріс енгізу үшін қосымша 50 шақты дауыс керек.

Парламенттің алғашқы отырысында 27 мәселе қаралмақ. Күн тәртібіне белгіленген мәселелер арасында фракциялар мен депутаттық топтарды жасақтау, коалиция құру, үкімет отставкасы, депутаттық тиіспеушілікті алып тастау сияқты мәселелер бар.

Украинаның премьер-министрі Владимир Гройсман қызметінен кетерде видеомәлімдеме жариялады. Видеода ол өзінен кейін осы қызметке келетін саясаткерге күш-жігер, шыдам мен сәттілік тілеген. Гройсман сонымен бірге жаңа премьер мен үкіметтің тұрақты, белсенді мемлекетте жұмыс істейтінін атап өткен.

  • Украинада парламент сайлауы 21 шілдеде өтті. Ресей жаулап алған Қырым мен Украинаға бағынбайтын Донецк дәне Луганск облыстарында тұрғындар дауыс берген жоқ.
  • "Слуга народа" партиясы сайлау кезінде басым дауыспен жеңіске жетті: ОСК дерегінше, Владимир Зеленскийдің "Слуга народа" партиясы - 43 пайыз, "За Жизнь" оппозициялық платформасы - 13 пайыз, "Европейская солидарность" (елдің бұрынғы президенті Петр Порошенко партиясы) - 8,1 пайыз, "Батькивщина" жалпыукраиналық бірлестік" партиясы (Юлия Тимошенконың партиясы) - 8,1 пайыз дауыс, "Голос" (музыкант Святослав Вакарчук партиясы) - шамамен 6 пайыз дауыс алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG