Үндістандық Minerva World of Knowledge құрылыс компаниясы Ташкентте тұрғын үй мен университет салуға 500 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құяды деп хабарлады 29 тамызда Ташкент әкімдігінің баспасөз қызметі. Төрт ай бойы үндістандық компаниялармен келіссөздер жүргізу нәтижесінде екі тарап осындай келісім жасасқан.
Келісімге сәйкес, Ташкенттің Сергелі ауданында алдағы бес жылда тұрғын үй кешені, университет пен жатақхана, медициналық және спорт нысандары, мектепке дейінгі мекемелер, сауда-ойын сауық кешендері салынбақ.
ПІКІРЛЕР