Accessibility links

Қазақстан мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды


Алғашқы қоңырау күні. Көрнекі сурет.
Алғашқы қоңырау күні. Көрнекі сурет.

Бүгін Қазақстан мектептерінде жаңа оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің жазуынша, жаңа оқу жылынан бастап, жоғары сынып оқушылары "Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері" атты жаңа пәнді меңгере бастайды. Онда оқушылар мысалы, кейбір қазақстандық блогерлердің қаржылық табысқа жету себептері жайлы ақпарат алады. Оқулықты жазуға елдегі танымал бизнесмендер атсалысқан.

Бұдан бөлек, жоғары сынып оқушылары бұрынғы "Сызу", "Алғашқы әскери дайындық" пәндеріне балама ретінде "Графика және жобалау", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" пәндерін оқи бастайды.

Әлеуметтік желіде кейбір қолданушылар балалары оқитын пәндерді де талқылап, пікірлерін жазып қойған. Мысалы, Aibek Nabi есімді қолданушы Facebook желісінде алғашқы оқу күні баласы оқитын сабақтар қатарында Адалдық пәні бар екенін жазып, "Адалдық сабағында не оқытады?" деп жазған.

Ресми дерек бойынша, Қазақстан мектептерінде шамамен үш миллион оқушы оқиды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG