Accessibility links

Теміртауда жүздеген саяжай өртенді, өрт шығыны есептеліп жатыр


Даладағы өртті сөндіріп жүрген мамандар. Көрнекі сурет.

Теміртаудағы саяжайлар аумағында болған ірі өрттен қанша шығын келгені әзірге белгісіз. Өртенген үйлер мен шаруашылық нысан иелеріне және өрт кезінде зардап шеккендерге өтемақы төлене ме, ол жағы да әзірге айтылмайды.

Алдын ала дерек бойынша, 700-ден астам иесіз саяжай мен адамдар тұрып жатқан 20 шақты үй өртенген.

Өртті сөндіру кезінде табылған екі әйел (1932 және 1936 жылы туған) қазіргі кезде ем қабылдап жатыр. Беті мен қолы күйіп, жарақат алған 83 жастағы тұрғын өзін ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

Төтенше жағдай департаменті дерегінше, негізгі күш станциядағы тұрғын үйлер мен темір жолдарды, Жаңа ауыл станциясындағы нысандар мен қосалқы электр станцияларын қорғауға жұмсалған.

Өрт себебі анықталып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, саяжайлар аумағында дәнекерлік жұмыстар жүрген.

Төтенше жағдай қызметіне "Металлург КМК" бағбандық серіктестігі аумағында өрт болып жатқаны туралы хабарлама 29 тамыз күндіз түскен. Саяжайлар, дала, қамыс өртенген. Қатты жел болып, айналаға түтін жайылып, өрт сөндірушілердің жұмысы қиындаған. Өрт сол күні түнде сөндірілген.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG