Accessibility links

Алматы іргесіндегі цех жарылғанда жараланған адам қайтыс болды


Алматы облысының картасы.
Алматы облысының картасы.

Алматы облысындағы цехта 31 тамызда болған жарылыс кезінде зардап шеккен азамат сол күні сағат 20:30 шамасында аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Бұл туралы Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкіроваға сілтеме жасап жергілікті басылымдар хабарлады.

Жарылыстан зардап шеккен тағы бір азамат қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтады.

Өткен сенбі, 31 тамызда, Қарасай ауданы Райымбек ауылындағы құрылыс материалын шығаратын цехта жарылыс болған. Апат салдарынан бір адам мерт болып, үш адам зардап шеккен.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, цехтағы жұмыс кезінде қатты қысымның салдарынан автоклав (сұйық затты қысымның күшімен жылытуға арналған жабық қазан) жарылған. Жарылыс кесірінен түтін құбырының бір бөлігі жеке тұрғын үй аумағына құлаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG