Accessibility links

Тоқаев зорлық-зомбылық қылмысын жасағандарға жазаны күшейтуді тапсырды


Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зорлау мен тұрмыстағы әлімжеттік жасағандарға жазаны қатайту қажет деп санайды. Бұл туралы ол 2 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда парламенттің бірлескен отырысында биыл 9 маусымда кезектен тыс өткен сайлауда Қазақстан президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын жариялады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Біз заңды гуманизациялаумен әуестеніп жүріп азаматтардың негізгі құқықтарын назардан шығарып алдық. Зорлау, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да, әсіресе балаларға қарсы қылмыстың ауыр түрлеріне жазаны шұғыл түрде қатаңдату керек" деген ол үкіметке екі айдың ішінде заңға енгізу үшін тиісті өзгертулер әзірлеп ұсынуды тапсырды.

Президент алғашқы жолдауында сонымен бірге биыл елде жануарларды қорғайтын екі инспектордың браконьерлер қолынан мерт болғанын айтып, браконерьлікті "ұйымдасқан қылмыстың қауіпті түрі" деп атады.

"Браконьерліктің тамыры тереңге жайылуына құқық қорғау органдарының салғырттығы да себеп болып отыр. Браконьерлер ұлттық байлығымызды аяусыз жойып жатыр" деді ол.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG