Accessibility links

Грузия премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді


Мамука Бахтадзе.

Грузияның үкімет жетекшісі Мамука Бахтадзе қызметтен кететіні туралы Facebook-те пост жариялады.

"Грузия премьер-министрі ретінде еліміздің мүддесін қорғап қызмет атқару мен үшін зор құрмет әрі үлкен жауапкершілік болды. "Грузия арманы" (биліктегі партия) мүшесі және елімізге берілген сарбаз болып қала беремін" деп жазған ол.

Грузия конституциясына сәйкес, премьер-министр отставкаға кететінін жариялаған соң онымен бірге бүкіл үкімет қызметтен кетуі тиіс. Парламент жаңа премьер мен үкіметтің құрамын бекіткенге дейін бұрынғы министрлер міндеттерін уақытша атқара береді. Жаңа үкіметті жасақтауға парламенттің екі апта уақыты бар.

Жаңа премьер-министрдің кандидатурасын парламент 3 қыркүйекте жариялайды деп хабарлады парламенттегі көпшілік лидері Георгий Вольский.

Жергілікті басылымдар Грузияның келесі премьері болып осыған дейін ішкі істер министрлігін басқарған Георгий Гахария тағайындалуы мүмкін деп хабарлады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG