Accessibility links

Мыңнан астам адам Өзбекстан азаматтығынан айрылуы мүмкін, басым бөлігі - этникалық қазақтар


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстан азаматтығынан айрылуы мүмкін азаматтардың жаңа тізімі жарияланды. Мәскеудегі Өзбекстан елшілігі жариялаған жаңа тізімде 1150 адамның аты-жөні бар.

Ақпарат бойынша, тізімде аты-жөні көрсетілген азаматтар шетелде үш жылдан артық жұмыс істеген, бірақ әлі күнге дейін консулдық есепке тұрмаған.

"Ферғана" ақпарат агенттінің хабарлауынша, Өзбекстан азаматтығынан айрылуы мүмкін адамдардың басым бөлігі - этникалық қазақтар (947 адам). Тізімде сонымен бірге өзбек, этникалық орыс, қарақалпақ, татар, беларусь, корей, түркімен сияқты ұлт өкілдері бар. Олардың жасы - 21 мен 97 жас аралығында.

Мәскеудегі Өзбекстан елшілігінің хабарлауынша, "Өзбекстан азаматтығы туралы" заңның 21-бабына сәйкес, алдағы уақытта бұл адамдарды азаматтықтан айыру мәселесі қаралады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG