Алматы қаласында жұрт "Барахолка" деп атап кеткен базардағы қоймада өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаменті хабарлады.
Департаменттің дерегінше, 6 қыркүйекте "Барахолкадағы" бірқабатты металл-пластика сақталған қойма өртенген. Өртті сөндіруге 43 өрт сөндіруші мен 12 техника жұмылған. Өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
"Өртеніп жатқан қойманың қабырғасы кірпіштен қаланған, Шатыры темір. Қанша аумақ өртенгені анықталып жатыр" деп хабарлады департамент.
ПІКІРЛЕР