Accessibility links

Абаев: Қытай зауыттарына қарсы наразылықтың артында арандату тұр


Даурен Абаев, Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі
Даурен Абаев, Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі

Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 5 қыркүйекте мемлекеттік арна эфирінде Жаңаөзендегі "Қытай жобаларына қарсы" наразылық шарасы жайлы пікірін білдірді. Ол "Қытай зауыттарына қарсы наразылық шарасының артында арандату тұр" деп есептейді.

"Менің ойымша, әдейі жасалып жатқан арандатудың куәгері болып отырмыз. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде әдейі өтірік ақпарат таратып жатыр. "Қазақстанға сырттан көп миграция келіп жатыр, Қазақстанның миллиондаған гектар жері сатылыпты" деген ақпараттар тарап кетті. Бұл фейк ақпараттан біреулер пайда көріп отыр. Өкінішке орай, бұл қазақстандықтарға оңай манипулация жасап, ксенофобия, русофобия, американофобияны таратуға болатынын көрсетті" деді ол эфирде.

Абаевтың ойынша, мұндай наразылық шаралары шетелдік инвестиция мен туристердің келуіне кері әсерін тигізеді.

2 қыркүйекте Жаңаөзенде жүзден астам адам "Қытайдың Қазақстанда салынатын 55 жобасына қарсы" наразылыққа шыққан. Бұл наразылық әлі жалғасып жатыр. 3-5 қыркүйекте елдің бірнеше қаласында Жаңаөзендегі наразылықты қолдау акциялары өтті.

Қазақстан билігі Қытаймен біріккен жобаларды "жоғары технологиялары кәсіпорындар" деп атайды. Нұр-Сұлтан Пекинмен біріккен жобалардың арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, инвестиция келіп жатқанын айтады. Үкіметтің дерегінше қазақ-қытай біріккен 55 жобасының 15-і жұмысын бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG