Accessibility links

Қарағанды облысында бала өліміне күдіктінің ұсталғаны хабарланды


Қарағанды облысында үш жасар баланың өліміне байланысты іздеу жарияланған 23 жастағы күдікті ұсталған. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап жергілікті басылымдар хабарлады.

Полиция департаментінің бастығы Ержан Файзулиннің сөзінше, күдікті 9 қыркүйекте түнгі сағат бірдің шамасында ұсталған.

"Күдікті баланы ұрлағанын мойындады. Қазір ол уақытшша ұстау изоляторында қамауда отыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр" деген полиция полковнигі Файзуллин.

Бұған дейін Қарағанды облысының Шет ауданындағы Бұрма ауылында кішкентай ұл баланың жексебі күні ауыл маңындағы орманнан өлі табылғаны туралы хабарланған. Анасы үш жасар ұлын 5 қыркүйекте күндіз ауылдағы дүкеннің алдында ер адам қолынан жұлып алып кеткенін айтқан.

Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, бала өліміне күдікті ретінде бұрын адам өлтіргені үшін сотталған, биылғы ақпанда мерзімінен бұрын қамау мекемесінен босап шыққан 23 жастағы күдіктіге іздеу жарияланғанын хабарлаған. Сонымен бірге пробациялық бақылау қызметкерлерінің әрекетіне байланысты да тергеу басталған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG