Accessibility links

Қызылорда облысындағы Тоқпан көлі шектен тыс ластанғаны анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қызылорда облысы Арал ауданындағы Тоқпан көлінде сұйытылған оттегінің мөлшері шектен асып кеткені анықталды. Бұл туралы 9 қыркүйекте "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорын ақпаратында зертханалық қорытынды бойынша, бір литр судағы сұйық оттегінің мөлшері 1,67-2,88 миллиграмм болғаны айтылған. "Казгидрометтің" хабарлауынша, бұл көрсеткіш 0-ден 2 миллиграмм болса су ластанған болып саналады.

Көлдің солтүстік, солтүстік-шығыс және оңтүстік бөлігінен алынған судың физикалық-химиялық құрамын зерттеу 22 көрсеткіш бойынша жүргізілген. "Өзге өлшемдер бойынша ауытқушылық байқалған жоқ" деп хабарлады "Казгидромет".

Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 4 қыркүйекте Арал ауданындағы Тоқпан көлінде балық қырылғаны туралы хабарлаған.

"6,4 тонна өлген балық жиналды. Олардың 96 пайызы – табан балығының шабақтары, қалғаны – торта, қылыш балық, сазан және көксерке балықтарының шабақтары" деп хабарлаған министрлік.

22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Тұлымбай көлінде жаппай қырылған 185 келі мөңке балық табылған.

2018 жылғы желтоқсанда Жайық өзенінде 9 тонна тонна балықтың хлордың әсерінен қырылғаны анықталып, "Атырау су арнасы" коммуналдық-шаруашылық кәсіпорнының бұрынғы басшыларына айып тағылған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG