Accessibility links

Түркістанда қонақүй өртеніп, бірнеше адамды күйік шалғаны хабарланды


Газ цистернасы жарылған соң өртенген қонақүй. Түркістан, 10 қыркүйек 2019 жыл.
Газ цистернасы жарылған соң өртенген қонақүй. Түркістан, 10 қыркүйек 2019 жыл.

Түркістан қаласында бүгін, 10 қыркүйекте кешкі 19.00 шамасында ЗИЛ көлігі өртеніп, артынша газ цистернасы жарылған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент хабарлады.

Департамент жазуынша, Саттарханов көшесінің бойындағы жарылыстан соң Royal Grand қонақүйі өртенген. "Қаза тапқандар жоқ" дейді департамент. Ақпаратқа қарағанда, күйік шалған бірнеше адам жергілікті ауруханаға жеткізілген. Облыстық департамент қанша адамның жараланғанын айтпады.

Бірақ төтенше жағдайлар комитеті "зардап шеккендер жоқ" деп жазады.

Баспасөз қызметі "Алдын ала берілген дерекке сүйенсек, өрт 3 тонналық газ цестернасын толтыру кезінде шыққан. Өрттің көлемі – 1400 шаршы метр. Өрт туралы мәлімет 18.05-те түскен" деп жазады. Комитет дерегінше, отты өшіруге 70 өрт сөндіруші мен оннан аса техника жұмылдырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG