Accessibility links

Терракт құрбандарын еске алу күні АҚШ-тың Кабулдағы елшілігі маңында жарылыс болды


Кабулдағы бақылау-өткізу пунктін күзетіп тұрған сақшы. Көрнекі сурет.
Кабулдағы бақылау-өткізу пунктін күзетіп тұрған сақшы. Көрнекі сурет.

Ауғанстан астанасы Кабулда сәрсенбі, 11 қыркүйекте таңертең АҚШ елшілігі мен Ауғанстанның қорғаныс министрлігі ғимараты алдында снаряд жарылды. AP және AFP агенттіктерінің хабарлауынша, екі оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген.

"Снаряд қорғаныс министрлігі ғимаратының қабырғасына тиді, ақпарат бойынша ешкім зардап шекпеді" деді Ауғанстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Носрата Рохими.

АҚШ елшілігі қызметкерлерінің айтуынша, жарылыс болғаннан кейін ғимаратта дауыс ұлғайтқышпен кешен маңына зымыран түсіп, жарылыс болғанын хабарлап айтқан.

"Біз Кабулдағы АҚШ елшілігі ғимаратының жанында жарылыс болғанын растай аламыз. Америкалық [дипломатиялық] миссия қызметкерлері жарылыстан зардап шеккен жоқ" деді АҚШ мемлекеттік департаментінің қызметкері.

11 қыркүйек - АҚШ-тағы 2001 жылғы терракт құрбандарын еске алу күні. 18 жыл бұрын 11 қыркүйекте болған бірнеше терактіде содырлар төрт жолаушы ұшағын айдап әкетіп, екеуін Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратына, үшіншісін Пентагонға апарып соққан. Ал төртінші ұшақтағы жолаушылар терроршыларға қарсылық көрсетіп, ұшақ Пенсильвания штаты аумағына құлаған. Террорлық актілерден барлығы үш мыңға тарта адам қаза тапқан. Жыл сайын осы күні АҚШ пен әлемнің өзге елдерінде осы терракт құрбандарын еске алу шаралары өтеді.

Осыдан екі күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп "Талибан" қозғалысы жетекшілерімен бір жылға созылған келіссөзді тоқтатқанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG