Accessibility links

Беларусь соты жасөспірімді 13 жылға соттады


Айыпталушы сот залында. 19 тамыз 2019 жыл.
Айыпталушы сот залында. 19 тамыз 2019 жыл.

Беларусь соты Минск облысы Столбцы қаласында "мектеп мұғалімі мен оқушыны өлтірді" деп айыпталған жасөспірімді 13 жылға соттады. Ол жазасын жасөспірімдер колониясында өтейді. Сотталушы Вадим М. сонымен бірге жәбірленушілерге 110 мың беларусь рублі көлемінде (шамамен 53 мың доллар) айыппұл төлеуі тиіс.

Ақпарат бойынша, айыпталушы ақпан айында мектеп мұғалімі мен өзімен қатар оқитын оқушыға пышақпен шабуылдаған. Оқиға кезінде тағы екі оқушы жараланған. Қылмысқа не түрткі болғаны хабарланбады.

Сот жасөспірім әрекетін бұзақылық деп бағалады. Сотта жасөспірім тағылған айыпты жартылай мойындады. Бұған дейін жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы жасөспірімнің ақыл-есі сау, өз әрекетіне толық жауап бере алатынын көрсеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG