Accessibility links

Болгария ресейлік олигарх Малофеевтің елге кіруіне тыйым салды


Константин Малофеев.
Константин Малофеев.

Болгария "Ресейге тыңшылық жасау ісіне қатысы бар" деп күдікке ілінген ықпалды ресейлік олигархтарының бірі Константин Малофеевке 10 жылға дейін елге кіруіне тыйым салды. Бұл ақпаратты 11 қыркүйекте елдің бас прокуроры Сотир Цацаров хабарлады.

Бір күн бұрын Болгария билігі бұрынғы парламент депутаты Николай Малиновке "тыңшылық жасау" және "ақша жымқыру" баптары бойынша айып таққан еді. Тергеу болжамынша, Малинов мемлекеттік құпияны екі ресейлік ұйымға сатқан. Прокуратура дерегінше, бұл ақпаратты Болгарияның Батыс пен Ресейге қатысты саясатына ықпал ету үшін және елдің саяси бағытын Кремльге қарай бұру мақсатында қолданбақ болған.

Оқи отырыңыз: Болгарияда бұрынғы депутатты "Ресейге тыңшылық жасады" деп айыптады

Елдің бас прокуроры Цацаровтың айтуынша, София қазіргі кезде Малинов пен Малофеев арасындағы "байланысты" зерттеп жатыр. Бұған дейін Еуропа одағы мен АҚШ Украина шығысындағы сепаратистерді қолдағаны үшін Малофеевтің елге кіруіне тыйым салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG