Accessibility links

АҚШ Солтүстік Кореядағы хакерлер тобына санкция салды


АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин.
АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин.

АҚШ-тың қаржы министрлігі солтүстіккореялық хакерлер тобына жаңа санкция салды. Министрлік таратқан хабарламада санкцияның Пхеньян мүддесіне жұмыс істеп, кибершабуыл ұйымдастырған топқа бағытталғаны жазылған.

Қаржы министрлігінің дерегінше, мұндай топтар арасында Lazarus Group, Bluenoroff және Andariel сияқты хакерлік топтары бар.

Lazarus Group тобын Пхеньян 2007 жылы құрған. Бұл топ үкіметтік, әскери және қаржылық құрылымдарға бірнеше рет кибершабуыл жасаған. Reuters жазуынша, бұл ұйымның "ақша бопсалайтын" WannaCry 2.0 желілік вирусына қатысы бар. Шабуыл 2017 жылы желтоқсан айында АҚШ, Австралия, Канада, Жаңа Зелания және Ұлыбританияға қарсы ұйымдастырылды. Шабуыл кемінде 150 елге әсер етті және соның кесірінен әлем бойынша 300 мың компьютер жұмыс істемей қалды. Reuters жазуынша, Lazarus Group тобы 2014 жылы Sony Pictures Entertainment компаниясына да шабуыл ұйымдастырған.

Қаржы министрлігінің өкілі Сигал Манделкердің айтуынша, АҚШ Солтүстік Кореяға санкциясын ұлғайтып, БҰҰ-ның қысымын қолдауға атсалысады. Осылайша Вашингтон халықаралық қаржы желісінің қауіпсіздігін ұлғайтуға күш салмақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG