Accessibility links

Instagram-да гей екенін айтқан өзбек жігітін өлтіріп кеткен


Шокир Шавкатов.
Шокир Шавкатов.

Ташкентте белгісіз біреулер 25 жастағы Шокир Шавкатовты өлтіріп кеткен. Бір күн бұрын ол Instagram-да гей екенін жазған. Полиция күдіктілерді ұстағанын, оларға "адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылғанын хабарлады.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, оқиға 12 қыркүйекте болған. Жас жігіт ЛГБТ өкілдерінің клубында отырған кезде екі ер адам оны сыртқа алып шығып, алдын ала мәлімет бойынша пәтерге апарған. Әуелі ұрып-соққан, кейіннен өлтірген. Бұл ақпаратты полицияға Шавкатовтың досы баяндаған.

Екі күн бұрын полиция аталған түнгі клубқа басып кіріп, шамамен оннан астам гей жігітті ұстаған еді. Ал Шавкатовқа барған екі ер адам өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған. Шавкатовтың досы оны жыныстық азшылық өкіліне жатқаны үшін өлтірді деп санайды.

Өзбекстан мен Түркіменстанда жыныстық азшылық өкілдері сексуалдық ориентациясына бола қысым көріп, қылмыстық жауапқа тартылады.

2018 жылы мамыр айында Өзбекстан БҰҰ-ның адам құқығы бойынша 11 рекомендациясын қабылдамай қойған. Олардың арасында ЛГБТ өкілдерінің құқығы жайлы пунктер де бар. Өзбекстандағы адам құқығы жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Акмаль Саидовтың айтуынша, БҰҰ ұсыныстары республиканың қылмыстық кодексінің 120-бабына қайшы келгендіктен билік оларды қабылдамаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG