Accessibility links

Ирак лагерьлерінде 78 қырғыз баласы қалып қойған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ирактың қақтығыс аймағындағы лагерьлерінде 78 қырғыз баласы қалып қойған, олардың аналары түрмеде отыр.

Бұл ақпаратты Азаттықтың Қырғыз қызметіне Қырғызстанның премьер-министрінің орынбасары Жениш Разаков хабарлады. Дегенмен вице-премьер балалардың әкелері туралы дерек айтпаған.

Оның айтуынша, қазіргі кезде қырғыз үкіметі бұл балаларды тарихи отанына жеткізіп, медициналық-психологиялық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

"Біз бұл балалардың әрқайсысының туыстарын тауып, оларды елге әкелгеннен кейін асырап, тәрбиелейтіні жайлы келісімін алдық. Екінші мәселе - әрбір бала үшін Иракқа 400 доллар көлемінде айыппұл төленуі тиіс. Бұл қаражат премьер-министрдің жеке резерв қорынан алынды" деді ол.

Жениш Разаковтың айтуынша, Иракқа 17 мемлекет қызметкерінен құралған жұмыс тобы барады. Қырғыз балаларын Ирактан елге ұшақ арқылы жеткізу шығынын халықаралық ұйымдар көтереді.

Ирак балаларды қайтару процесін 2019 жылдың қазан айынан бастауды ұсынған.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, қазірге дейін Таяу Шығыс елдеріндегі қақтығыс аймағына шамамен 800 қырғыз азаматы кеткен. Олардың 200-ден астамы сол жақта қаза тапқан. "Ислам мемлекеті" террористік тобына қосылғандардың шамамен 140-ы - әйелдер.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG