15 қыркүйекте кешкі 19.20 шамасында Алматы облысы Шамалған станциясында автобус пен пойыз соғылған. Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің Азаттыққа айтуынша, автобус жүргізушісі қаза тапқан.
Жергілікті билік орындарына сілтеме жасаған кейбір агенттіктер 9 адамның зардап шеккенін хабарлады. Бірақ кейіннен жергілікті әкімдіктің ақпаратын облыстық төтенше жағдай департаменті жоққа шығарып, тек үш адамның зардап шеккенін хабарлады.
Ресми орындардың хабарлауынша, бір әйел және 2014 және 2016 жылғы екі бала қазіргі кезде Қаскелең ауруханасына жеткізілген. "Олардың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты" деді Алматы облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Азаттық тілшісіне.
Полиция Қылмыстық кодекстің 345-бап, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, оқиғаның себебі зерттеліп жатқанын хабарлады.
Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері, полиция, билік өкілдері жеткен. Ресми орындар жақын арадағы ауруханалардың күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкенін хабарлады.
"15 қыркүйекте кешкі 19.20 шамасында Екатеринбург - Алматы автобус жолының 2449 шақырымында (Шамалған станциясы) автобус жүргізушісі сигналға қарамастан темір жолға шығып кеткен" делінген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Twitter-дегі парақшасында апатта қаза тапқан адамның туған-туыстарына көңіл айтқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев автобуста 67 жолаушы болғанын айтты.
Әлеуметтік желіде "оқиға орнынан түсірілген" видеолар тарап жатыр:
ПІКІРЛЕР