Accessibility links

"ҚДТ-ны қолдады" деп айыпталған оставкадағы майордың соты басталды


Айыпталушы Болатхан Жүнісов сот залында. Талдықорған, 16 қыркүйек 2019 жыл.

Талдықорған қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты 16 қыркүйекте ІІМ оставкадағы майоры 68 жастағы Болатхан Жүнісовтің ісін қарай бастады. Оған «тыйым салынған ҚДТ қозғалысының жұмысына араласты» деген айып тағылған.

Алғашқы отырыста екі куәгер сөйледі. Айыптау тарабының куәгері 5 шілдеде қаладағы базарда жүргенінде Жүнісов келіп, ҚДТ қозғалысының митингісіне қатысуға шақырғанын және «өтемақы ұсынғанын» айтты. Ал қорғаушылар әкелген куәгер – ІІМ подполковнигі, Жүнісовтің бұрынғы басшысы Болатбек Солтанов айыпталушының жақсы жақтарын айтып, «әділ әрі шындыл адам» деді. Солтанов сотта Жүсінов екеуі Әблязовты танымайтындарын, бірақ оның елдегі тұрмысты көтеру және жемқорлық жайлы кейбір идеяларын қолдайтынын жеткізді.

Қалған куәгерлер сотқа келмеді. Жүністовтің адвокаты Ғалым Нүрпейісов осы іске қатысты экспертиза жүргізген екі сарапшыны және тергеушіні шақыруды сұрады. Адвокаттың сөзінше, тергеуші экспертизаға арналған мәтіннің қазақша нұсқасын тапсырған, ал экспертизаның қорытындысы орыс тілінде жазылған. Судья Бейбіт Тұрысов бұл шағымды қанағаттандырды. Осыдан соң судья сотта үзіліс жариялап, келесі отырысты 18 қыркүйекке қалдырды. Жүнісовтің қызы Лаура сотта қоғамдық қорғаушы ретінде қатысты.

Айыпталушы Болатхан Жүнісов шілдеден бері қамауда отыр. Биыл жыл басында оған «тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деген айып тағылған. 28 ақпанда Талдықорған соты Жүнісовті «ҚДТ қозғалысының жұмысына қатысқаны үшін» бір жыл бас бостандығын шектеген.

2018 жылы наурызда бас прокуратура Қазақстан билігін сынаушы, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов жетекшілік ететін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын экстремистік ұйым деп тапғаннан кейін елде ондаған адам жауапқа тартылған. Айыпталушылар тағылған айыптармен келіспейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG