Accessibility links

Мәскеу полициясы тіркелмеген ұйымның ондаған белсендісін ұстаған


"Другая Россия" партияны қолдап акцияға шыққан адамды полиция әкетіп барады. Санкт-Петербург, 6 қараша 2017 жыл. Көрнекі сурет.
"Другая Россия" партияны қолдап акцияға шыққан адамды полиция әкетіп барады. Санкт-Петербург, 6 қараша 2017 жыл. Көрнекі сурет.

16 қыркүйекте кешке Мәскеу полициясы тіркелмеген "Другая Россия" партиясының 29 белсендісін ұстаған. Бұл туралы ақпаратты ұйым әлеуметтік желілерде парақшаларында жариялады деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Партия кеңсесіне "қару-жарақ пен оқ-дәрі бар-жоғын тексеру" туралы құжатпен келген полиция қызметкерлері ұйымның иелігіндегі компьютерлердің қатқыл дискілері мен жады карталарын алып кеткен. Кеңседе болған адамдардың барлығын ішкі істер бөлімшесіне жеткізген.

Оның алдында, дүйсенбі күні "Другая Россия" белсенділері Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша бас басқармасының сыртындағы қоршауға саяси тұтқындарды босатуға шақырған баннер ілген.


"Другая Россия" - Эдуард Лимонов басқаратын тіркелмеген партия. Ұйымды жақтаушылардың кейбірі бұған дейін Ресей соты экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған ұлттық-большевиктік партияның белсенділері болған. Тыйым салынған партия 2000 жылдардың соңында "Другая Россия" оппозициялық коалицияға қатысқан. Кейін оның мүшелері қуғынға ұшырап, кейбірінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG