Accessibility links

Нұр-Сұлтанда зорлау айыбы тағылған азамат 11 жылға сотталды


Зорлау бабымен айыпты деп танылып, 11 жылға түрмеге кесілген Шоқан Әбілқасымов. Нұр-Сұлтан, 17 қыркүйек 2019 жыл.
Зорлау бабымен айыпты деп танылып, 11 жылға түрмеге кесілген Шоқан Әбілқасымов. Нұр-Сұлтан, 17 қыркүйек 2019 жыл.

Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты "өзінің бірге тұрған қызын зорлады" деп айыпталған азаматты 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сот Екібастұз қаласының 26 жастағы тұрғыны Шоқан Әбілқасымовтың Саина Раисованы "күшпен зорлағаны толық дәлелденгенін" айтты. Сот Әбілқасымовты 11 жыл 3 ай түрмеге кесіп, оны зардап шегушіге 1,5 миллион теңге моральдық өтемақы және сот шығындарын төлеуге міндеттеді.

Бұған дейін сот Әбілқасымовпен бірге қыз зорлауға қатысты деп айыпталған Мұрат Ыдырсовты 10 жылға бас бостандығынан айырған.

Сотқа дейін журналистерге сұхбат берген 28 жастағы Саина Раисова сотталушылардың өзін бопсалап, арызын өзгертуді талап еткенін айтты. Раисованы сот процесінде қарулы күштер, құқық қорғау мен арнайы органдардың бұрынғы қызметкерлерінен құрылған URAN қозғалысының бір топ мүшесі қоршап отырды.

Сот үкімін оқып біткен соң айыпталушы Әбілқасымов жылап, өзінің ешкімді зорламағанын айтты.

- Мен оны зорлаған жоқпын. Мен онымен бір жарым жыл бірге тұрдым. Ол зорланғаны туралы мәлімдегенге дейін де онан кейін де біз көңіл қосып жүрдік. Балаларымның мені зорлықшы ретінде білгенін қаламаймын. Ол менен пәтер, ақша талап етті. Басқа айтарым жоқ, - деді ол.

8 жасар қызы бар жәбірленуші Раисова Әбілқасымовпен бірге тұрғанын жоққа шығармады. Сотталған азаматтың бұрынғы әйелінен кәмелетке толмаған екі баласы бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG