Accessibility links

Ауыр атлет Игорь Сон әлем чемпионатында күміс медаль алды


Ауыр атлетикадан Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Игорь Сон 55 келіде күміс медаль иеленді. Ол жұлқа көтеру және серпе көтеру жаттығуы бойынша 266 келі көтерді. Алтынды солтүстік кореялық Ом Ун Чол (294 кг), қоланы сауд арабиялық Мансур Әл-Салеем (265 кг) алды.

Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық, Қытайдан келген легионер Арли Чонтей 5-орынмен шектелді - 263 кг.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 18-27 қыркүйек арасында өтеді. Бұл сынға Қазақстаннан допинг дауына ілініп, олимпиададағы алтындарын қайтарып берген Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло, Рио олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов қатысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG