Accessibility links

Балуан Дәулет Ниязбеков әлем чемпионатының финалына шықты


Қазақстан балуаны Дәулет Ниязбеков (сары формада) әлем чемпионатында. Нұр-Сұлтан, 19 қыркүйек 2019 жыл. (Сурет Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтынан алынды).
Қазақстан балуаны Дәулет Ниязбеков (сары формада) әлем чемпионатында. Нұр-Сұлтан, 19 қыркүйек 2019 жыл. (Сурет Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтынан алынды).

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Дәулет Ниязбеков еркін күрестен 65 келіде финалға шықты.

Ол алғашқы айналымда Чан Юй-Сюаньды (Қытайлық Тайпей) 10:0 есебімен, германиялық Александр Семисоровты 12:8 есебімен, ширек финалда моңғолиялық Темер-Очирин Тулганы 6:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда үндістандық, былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Баджранг Пуниядан (Үндістан) басым түсті. Бұл белдесу 9:9 есебімен тең аяқталды. Бірақ кездесу кезінде Ниязбеков төрт ұпайлық әдіс жасағаны үшін жеңімпаз деп танылды. Ниязбеков финалда ресейлік Гаджимурат Рашидовпен белдеседі.

Былтырғы әлем чемпионатында күміс медаль алған қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Нұр-Сұлтандағы жарыстың жартылай финалында Сүлейман Атлиден (Түркия) жеңілді. Ол енді қола медальға таласады.

Ниязбеков пен Санаев 2020 жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарына жолдама алды. Олимпиадаға іріктеу ережесіне сай, күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан балуан лицензия иеленеді.

Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионаты 22 қыркүйекте аяқталады. Қазірге дейін Қазақстанда бір күміс. үш қола медаль бар. Күмісті грек-рим күресінен Қорлан Жақанша иеленсе, қоланы Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнақұлов (екеуі де - грек-рим күресі) және Валентина Исламова (әйелдер күресі) алды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG