Accessibility links

Ресей Еуропарламенттің Молотов-Риббентроп пактісі туралы резолюциясын сынады


Нацистік Германияның сыртқы істер министрі Иоахим фон Риббентроп (сол жақта), СССР басшысы Иосиф Сталин (ортада), СССР сыртқы істер министрі Вячеслав Молотов (оң жақта) "шабуыл жасаспау туралы келісімге" қол қойғаннан кейін. Мәскеу, 23 тамыз 1939 жыл.
Нацистік Германияның сыртқы істер министрі Иоахим фон Риббентроп (сол жақта), СССР басшысы Иосиф Сталин (ортада), СССР сыртқы істер министрі Вячеслав Молотов (оң жақта) "шабуыл жасаспау туралы келісімге" қол қойғаннан кейін. Мәскеу, 23 тамыз 1939 жыл.

Ресей Еуропа Одағы қабылдаған резолюцияны сынады. Резолюцияда 1939 жылы Совет Одағы мен нацистік Германия арасында "шабуыл жасамау" туралы келісім “екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына жол ашты” деп жазылған.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі 20 қыркүйекте мәлімдеме таратып, ЕО резолюциясын “саясиланған тұжырым” деп атады. Министрліктің пікірінше, мәтінде “1938 жылы батыс елдері қабылдаған Мюнхен келісімі жайлы” мүлде айтылмаған, "бұл келісім Германияның Чехославакияға басып кіруіне түрткі болған".

"Еуропарламент Еуропаны фашизмнен құтқару үшін халқы құрбан болған Совет Одағын басқыншыл-ел нацистік Германиямен теңестіруге тағы бір рет талпыныс жасады" делінген Ресейдің СІМ таратқан мәлімдемесінде.

Нацистік Германия мен Совет Одағының Орталық және Шығыс Еуропаны бөліп алу туралы Молотов-Риббентроп пактісіне қол қойған кезеңнен бері 80 жыл өтті. ЕО резолюциясында "екі тоталитарлық режим" осы пакті арқылы Еуропаны бөліп алуды көздеді деп жазылған. Алайда нацистер ақырында пактіні бұзып, 1941 жылы маусым айында Совет Одағына басып кірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG