Accessibility links

Нұр-Сұлтан мен Алматыда 57 адамның ұсталғаны ресми хабарланды


Полиция азаматтарды ұстап жатыр. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда 21 қыркүйек күні болмақ "рұқсат етілмеген митингі кезінде" 57 адам ұсталды деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігі.

Бұл адамдардың "заң бұзғаны үшін ұсталып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатқаны" айтылған министрлік хабарламасында. Онда тағы "прокуратураның ескертуіне қарамастан жекелеген азаматтардың тыйым салынған экстремистік ұйымның арандату әрекеттеріне еріп кеткені" жазылған.

"Кейбірі құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы әрекет ете бастады, осылайша өзге азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығына, жол қозғалысына қауіп төндірді" делінген министрлік мәліметінде.

21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан және басқа да бірнеше қалада "рұқсат етілмеген митингі" алдында адамдар талаптары мен пікірлерін айтуға үлгермеді. Полиция оларды бірден ұстап әкетіп жатты. Наразылардың кейбірі "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Шал дұшпан!", "Қазақтар қорықпаңдар!" деп айқайласа, кейбірі осындай ұран жазылған плакатпен шыққан болатын. Билік "рұқсат етілмеген митингі" деп жариялаған шараның алдында полиция ондаған азаматты ұстады.

Оқиға орнында болған Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда полиция ұстау кезінде кейбір тұрғындарға дөрекілік танытып, автобусқа итеріп кіргізген. Ұсталғандардың бірі полиция автобусының терезесін сындырып, қашып кетпек болған. Бірақ полицейлер қайта ұстап алған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Коронавирус деген не? Бүлдіршіндерге түсіндіреміз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00
XS
SM
MD
LG