Accessibility links

Министрлік: Арыс маңындағы жарылыстан 10 сапер зардап шекті


Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде үйге түскен снарядты қазып алып, әкетіп бара жатқан саперлар. Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.

21 қыркүйекте Арыс қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан полигон аумағында "оқ-дәрі фрагменті өздігінен жарылып", он сапер жараланды. Бұл ақпаратты қорғаныс министрлігі таратты.

Министрліктің хабарлауынша, жараланған әскери қызметкерлер далалық госпитальге жатқызылған.

"Болған оқиғаның себептері мен жай-жапсарын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр" делінген министрлік хабарламасында.

Осыдан үш айдай бұрын Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қойма жарылып, төрт адам қаза тапқан. Ресми дерек бойынша, қоймадағы оқ-дәрінің 70 пайыздан астамы жарылып кеткен. Қаладағы тұрғын үйлердің басым бөлігі бүлінген.

Осы оқиғадан соң елдегі әскери қоймалардың жағдайы мен қойма маңындағы тұрғындар қауіпсіздігі туралы мәселе көтеріле бастаған.

Оқи отырыңыз: "Қару ескірген сайын қауіпті". Сарапшылар Арыстағы жарылыс жайлы

Соңғы он жылда Арыс қаласында әскери оқ-дәрі сақталатын қоймалар мен оларды жоюға арналған жерде төрт рет жарылыс болып, бірнеше адам қазаға ұшыраған. Биыл маусымдағы жарылыстан кейін қорғаныс министрлігі әскери оқ-дәрінің "елдімекендерден аулақ жерге" көшірілетінін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNEWS 24.02.2020
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG