Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркі аумағындағы далада өрт жалғасып жатыр деп хабарлайды жергілікті басылымдар. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлуынша, өртті сөндіруге 100 шақты адам, оннан астам техника жұмылдырылған.
Баянауыл облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, даладағы өртті сөндіруге жексенбі күні Өскеменнен "Қазавиаорманкүзет" кәсіпорнының МИ-8 тікұшағы жеткен. Дүйсенбі күні тағы бір тікұшақ келуі тиіс. Бұған қоса Павлодар қаласынан өрт шыққан ауданға қосымша төрт техника жіберілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, 22 қыркүйекте күндіз Баянауыл ұлттық паркінің аумағындағы 2,5 гектарға жуық орманды алқапта қураған ағаш пен шөп өртенген.
ПІКІРЛЕР