Accessibility links

Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт сөндірілген


Баянауыл ұлттық паркі. Көрнекі сурет.
Баянауыл ұлттық паркі. Көрнекі сурет.

«Павлодар облысы Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт екінші тәулікте сөндірілді» деп хабарлайды Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Қазірге дейінгі деректерге қарағанда, Баянауыл ұлттық паркінің 96 гектар жеріне және Баянауыл ауданының бес ауылдық округіне өрт жайылған.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегеновтің журналистерге айтуынша, «елдімекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Аталған жерлерде жаңа өрт ошақтары байқалмаған». Өрттің себебі мен салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Баянауыл ұлттық паркінің аумағында биыл жазда кемі екі рет өрт болған.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2019 жылдың басынан бері Қазақстанда 499 рет өрт шығып, барлығы 65 мың гектар жерді шарпыған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG