Accessibility links

Пәкістандағы жер сілкінісінен кемінде 22 адам қаза тапты


Кашмирдің Пәкістанға қарайтын бөлігінде жер сілкінісінен бұзылған жол. 24 қыркүйек 2019 жыл.
Кашмирдің Пәкістанға қарайтын бөлігінде жер сілкінісінен бұзылған жол. 24 қыркүйек 2019 жыл.

Пәкістан шығысында жер сілкінісі болып, кемінде 22 адам қаза тапты, бірнеше жүз адам жараланды деп хабарлады билік.

АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) дерегінше, 5,8 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Кашмирдің Пәкістанға қарайтын бөлігіндегі Мирпур қаласы маңы болған.

Осы аймақтың ақпарат министрі Муштаф Минастың айтуынша, жер сілкінісі кезінде үйлердің төбесі мен қабырғалары құлап, 22 адам (арасында әйелдер мен балалар бар) астында қалған.

Минастың айтуынша, билік зардап шеккендерді азық-түлік және ең қажетті заттармен қамтамасыз етіп, баспанасыз қалғандарға палаткалар құрған.

Округ комиссарының орынбасары Раджа Кайсер Мирпур маңынан өтетін негізгі көлік магистралінің бұзылғанын хабарлады. Пәкістан әскері зардап шеккен аймаққа авиация және медицина саласы мамандарын жіберген.

Куәгерлердің айтуынша, жер сілкінісі Пәкістан астанасы Исламабадта да сезілген, тұрғындар көшеге жүгіріп шығып, үйлеріне кіруге қорқып, ұзақ уақыт далада жүрген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG