Accessibility links

Ақ үй Трамп пен Зеленский арасындағы әңгіменің стенограммасын жариялады


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский.

25 қыркүйекте АҚШ әділет департаменті ел президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы телефон әңгімесінің стенограммасын жариялады.

Стенограммаға сай, президенттер екеуара әңгімеде 2020 жылғы президент сайлауына түсуді жоспарлайтын демократ Джо Байденнің ұлы Хантер Байден туралы айтқан.

"Байденнің ұлы жайлы көп сөз айтылып жүр. Байден ұлына қатысты тергеуді қалай тоқтатқаны жайлы да әңгіме бар. Көп адам не болғанын білгісі келеді. Бұл туралы сіз АҚШ-тың бас прокурорымен сөйлесіп көрсеңіз жақсы болар еді. Байден тергеуді тоқтаттым деп мақтанған. Бәлкім, бұл іске қайта үңіліп көру керек шығар. Менің ойымша, бұл – масқара жайт" деген Трамп.

Екі президент телефон арқылы 25 шілдеде сөйлескен.

"Джулианиге (Нью-Йорктің экс-мэрі Рудольф Джулиани, қазір Трамптың заңгерлерінің бірі – ред.) тапсырма беремін, ол сізге хабарласады. Бас прокурор Уильям Барр да хабарласады. Не болғанын анықтаймыз. Бұған дейін прокурорға (Виктор Шокинге – ред.) көзқарас жақсы болған екен. Жақсы, іске сәт. Экономикаларыңыз түзеліп келеді. Жағдай жақсарады деп ойлаймын. Украина – активтері көп жақсы ел. Украиналық достарым көп, олар ғажап адамдар" деген Трамп.

Трамп пен Зеленскийдің әңгімесі жайлы осы аптаның басында белгілі болды. Америкалық басылымдар Трамптың Зеленскийді 2020 жылғы сайлауда өзінің негізгі қарсыласы болатын Джо Байденнің үстінен жемқорлық дауы бойынша іс қозғауға мәжбүрлемек болғанын жазған. Журналистер дерегінше, 2016 жылы Байден өзінің ұлы басқаратын мұнай компаниясын тергеген украиналық прокурор Виктор Шокиннің жұмыстан қуылуына ықпал еткен. Басылымдар "Байденнің үстінен іс қозғау үшін Трамп Зеленскийге қысым жасаған" деген еді.

Трамп пен Зеленский арасындағы әңгіме белгілі болғаннан кейін АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар Трампқа "берген сертін бұзғаны үшін" импичмент жариялау процесін бастаған. 24 қыркүйекте өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси "Трамп өзінің сертін бұзды, ұлттық қауіпсіздігіміз бен сайлау институтын сатып кетті" деді.

Дональд Трампқа импичмент қаупі төнді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:49 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG