Accessibility links

Ресей жапон әскери тұтқындарының сүйектерін іздеуге рұқсат бермеді


Жапон әскерилері қаруларын тапсырып жатыр. 1945 жыл.
Жапон әскерилері қаруларын тапсырып жатыр. 1945 жыл.

Ресей Жапонияға жапон әскерилерінің сүйектері жатуы мүмкін Байкал аумағында жаңадан қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат бермеді. Бұл ақпаратты Жапонияның қоғамдық арнасына сілтеме жасаған ТАСС агенттігі хабарлады.

Жапонияның ақпарат құралдарының хабарлауынша, зерттеу тобы Ресейге қыркүйек айының соңында аттануы тиіс болған, алайда Мәскеу Жапонияның сыртқы істер министрлігіне "бірқатар мәселелерге" байланысты қазба жұмыстарын жүргізу мүмкін емес деп айтқан. Мәскеудің нені меңзегені әзірге белгісіз.

Ал Токио қазба жұмыстарын жалғастыру бойынша Мәскеумен қайта келіссөз өткізуге құлықты. Ресейлік ведомство қазба жұмыстарына рұқсат бермеуінің себебін түсіндірген жоқ.

Бұған дейін Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі бірнеше жыл бұрын Байкал өңірінен қазып әкетілген сүйектер жапон тұтқындары емес деген қорытынды жасаған. Дерек бойынша, Ресейден Жапонияға әр жылдары жалпы саны 597 сүйек жеткізілген. Жапон ғалымдары ДНҚ-сынақ жүргізіп, қорытындысын жариялады. Жапония жағының сүйектерді Ресейге қайтармағаны хабарланған.

Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы қыркүйектің 2-сінде Жапонияның капитуляция актісіне қол қоюымен аяқталды. Сахалин мен Курил аралдарында шамамен 600 мың жапон сарбазы Моңғолия және Совет Одағы аумағындағы лагерьлерге жіберілді. Жапония тарабының дерегінше, лагерьде шамамен 55 мың адам өлген, 33 мыңының сүйегі бұрынғы СССР мен Моңғолияда деп айтылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы жапон әскери тұтқындары

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG