Accessibility links

Бозымбаев: Сауд Арабиясы мұнайының орнын Қазақстан толтыра алмайды


Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Көрнекі сурет.
Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Көрнекі сурет.

"Сауд Арабиясындағы оқиғаға байланысты нарықта туындаған мұнай сұранысын Қазақстан толтыра алмайды". Мұны Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев бейсенбі күні баспасөз жиыны кезінде айтты.

Оның пікірінше, "Қазақстан Сауд Арабиясындағы жағдайды пайдаланады деу" этикаға қайшы келеді.

"Қазақстан күніне небәрі 1,8 миллион баррель мұнай өндіреді. Қанша тырыссақ та, Сауд Арабиясы мұнайының нарықтағы орнын толтыра алмаймыз. Оның үстіне, Қазақстан ОПЕК алдындағы міндеттемесін орындауы тиіс, яғни маусым аяқталғанға дейін (2020 жылдың наурыз айы - Қ.Б) қазіргі межеден артық мұнай өндіруге болмайды" деді Қанат Бозымбаев.

14 қыркүйекте Сауд Арабиясындағы ірі мұнай кенішіне дронмен шабуыл жасалған. Осыдан кейін әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің бірі - Сауд Арабиясының мұнай өндірісі 5,7 миллион баррельге күрт азайған. Осыған орай қыркүйек айының ортасында нарықта мұнай бағасы қымбаттап, сұраныс көбейген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG