Accessibility links

Билік Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғанын растады


Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Бағдат Мәнізоров сатушылармен сөйлесіп тұр. Алматы, 19 маусым 2019 жыл.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғанын растады.

"Қазіргі ол уақытша қамау изоляторында отыр. Қылмыстық кодекстің қай бабымен айыпталғаны нақтыланады. Қандай бұлтартпау шарасы қолданылатынын қарастырып жатырмыз" деді 27 қыркүйекте Бектенов сенат отырысынан кейін журналистерге.

Ол тергеу құпиясын алға тартып, істің жай-жапсарын ашып айтпады.

Мәнізоровтың ұсталғаны жайлы ақпарат алғашқы ақпарат 26 қыркүйекте күндіз шыққан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі "ресми ақпаратты күту қажеттігін" хабарлаған. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі әкім орынбасарының қамалғаны жайлы ақпараты жоққа шығарып, "Мәнізоровтың оңтүстік өңірде іссапармен жүргенін" айтқан.

57 жастағы Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне жақында, 10 шілдеде тағайындалған. Оның алдында Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын екі жыл басқарды. 2008-2017 жылдар аралығында Алатау ауданының әкімі болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG