"Алматы облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза болды" деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сүйенген ҚазТАГ агенттігі.
Жол апаты 28 қыркүйекте таңғы 5.50 шамасында "Көктал - Сарыөзек" трассасының 140-шақырымында болған.
Оқиға орнында үш адам қаза болып, түрлі жарақат алған алты адам Сарыөзек ауруханасына жеткізілген. Ауруханаға түскендердің тағы бірі реанимация бөлімінде қайтыс болған.
Полиция "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы (345-бап) бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Еуропа Одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп елдердің бестігіне енеді. Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, жыл сайын Қазақстанда он мыңға жуық адам жол апатынан қаза болады.
ПІКІРЛЕР