Accessibility links

Өзбекстан Ирак пен Сириядан 235 азаматын әкетеді


Өзбекстанға келіп, туған жерін сүйіп жатқан Сириядан оралғандар. Ташкент, 30 мамыр 2019 жыл.
Өзбекстанға келіп, туған жерін сүйіп жатқан Сириядан оралғандар. Ташкент, 30 мамыр 2019 жыл.

Өзбекстан Сирия мен Ирактан 235 азаматын әкетеді. БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі жиынында Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов осылай деп мәлімдеді.

"Қазір Ирактан 65 бала, Сириядан 170 адам келеді деп күтіп отырмыз. Бұл тұрғыда біз халықаралық ұйымдар мен Таяу Шығыста болып жатқан процеске тікелей қатысы бар мемлекеттердің, соның ішінде БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшлерінің қолдауына зәруміз" деді Камилов.

Ол мұндай әріптестікке дайын екенін, қақтығыс ошақтарынан елге қайтарылғандарды қоғамға бейімдеуге Өзбекстанның тәжірибесі барын айтты.

2019 жылы 30 мамырда "Мейірім" гуманитарлық операция аясында Өзбекстан Сирия мен Ирактан 156 азаматын әкеткен. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Операцияға бірқатар елдер мен "Қызыл крест", ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдар көмектескен.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Сириядан әкетілген кейбір азаматтар сотқа тартылып, қалғаны бейімдеу орталықтарына жіберілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG