Accessibility links

Конгресс Трамптың заңгерінен Украина жайлы құжаттарды сұрады


Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко мен Руди Джулиани. Киев, 22 қараша 2017 жыл.
Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко мен Руди Джулиани. Киев, 22 қараша 2017 жыл.

Дональд Трампқа импичмент жариялау бойынша зерттеуге кіріскен АҚШ конгресі өкілдер палатасы комитеттерінің жетекшілері Трамптың заңгері Руди Джулианиден Украина жайлы құжаттарды беруді сұрады.

Олар 15 қазанға дейін "президент пен оның әкімшілігі 2020 жылы АҚШ-та өтетін президент сайлауына ықпал ету мақсатында Украинаға қысым жасауға тырысуына қатысы бар барлық материалдарды": хаттарды, телефон әңгімелерінің жазбаларын, СМС хабарламаларын беруді талап еткен.

Конгресмендер бұл талапты Украина өкілдерінен демократтар атынан президент сайлауына түсуі мүмкін Джо Байденнің ісін тексеруді сұрағаны жайлы Джулианидің өз сөзіне орай қойған.

Джулиани кейін бұл сөздерінен айнығанымен Украина билігі өкілдерімен кездескенін, олармен Украинаның 2016 жылғы сайлауға Трамп қарсыласы жағында араласқаны жайлы сөйлескенін бірнеше рет растаған.

Конгресті Джулиани бұл әрекетін Трамп әкімшілігінің өкілдерімен келісіп жасады ма, жоқ па деген мәселе қызықтырады.

Джулиани 2016 жылғы сайлау кезінде Украинаның бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларының Трампқа қарсы «ойнағанын» және Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Шокин Байден қысымымен қызметінен босатылғанын дәлелдейтін дәлелдері бар екенін растаған.

«Президент пен оның айналасы Байденді әшкерелейтін материал алу үшін Украина билігіне қысым жасағаны» жайлы АҚШ арнайы қызметі өкілінің хабарынан кейін демократтар бақылауындағы өкілдер палатасы зерттеу бастаған. Зерттеу нәтижесі бойынша Трампқа импичмент жариялануы мүмкін.

Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің жария болған телефон әңгімесінің мазмұнына қарағанда АҚШ президенті Украина президентінен Байденнің ұлының Украинадағы ісін тексеруді сұраған.

Трамп конгрестің зерттеуін «жоқ жерден дау іздеу» деп санайды. Ол әкелі-балалы Байдендерді жемқорлыққа қатысы бар деп айыптайды, Зеленскийге қысым жасамағанын айтады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG