Accessibility links

ПАСЕ Гавел сыйлығын Қытай түрмесіндегі ұйғыр ғалымына берді


Ұйғыр ғалымы, құқық қорғаушы ильхам Тохти. Архив фотосуреті, 2013 жыл
Ұйғыр ғалымы, құқық қорғаушы ильхам Тохти. Архив фотосуреті, 2013 жыл

Еуропа Кеңесі парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) 2019 жылы құқық қорғау саласына арналған Вацлав Гавел атындағы сыйлығын құқық қорғаушы ұйғыр ғалымы Ильхам Тохти мен балқандағы адам құқығы бойынша жастар бастамасы тобына берді. Бұл ақпаратты 30 қыркүйекте ПАСЕ хабарлады.

Қытайдағы ұйғыр құқығын қорғаушы Ильхам Тохти 2014 жылы сепаратизм айыбымен өмір бойына қамауға алынған.

Адама құқығы бойынша жастар бастамасы – түрлі өңірлер мен елдердегі этникалық топтар жастарының арасында байланыс орнату арқылы татулық пен бітімге келуді көздейтін топ.

Вацлав Гавел сыйлығы Чехияның 2011 жылы қайтыс болған мемлекет қайраткері, 1989 жылғы «барқыт революциясы» жетекшілерінің Вацлав Гавел құрметіне аталған. 2013 жылы белгіленген бұл сыйлық адам құқығы саласында ерекше көзге түскендерге беріледі.

2019 жылы берілетін Вацлав Гавел сыйлығына үміткерлер тізіміне Тәжікстан түрмесінде отырған тәжік адвокаты Бузургмех Ёров та енгізілген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG