Accessibility links

Түркіменстан президенті Бердімұхамедов ішкі істер министрі Мүліковті қызметінен қуды


Ескендір Мүліков

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов «қызметін асыра пайдаланды» деп айыпталған ішкі істер министрі Ескендер Мүліковті қызметінен қуды. Бердімұхамедов министрдің қызметтен кеткенін 1 қазанда үкімет отырысында жариялады.

Бірер күн бұрын бас прокурор Батыр Атдаев есебін жариялап, Мүліков «қызметін асыра пайдаланды» деген күдікке ілінгенін айтқан еді.

Кейін министрдің Ашғабаттағы мейрамханалары, кафелері мен дүкендері тәркіленіп, көлік жүргізушісі ұсталды.

Мүліков Түркіменстан ішкі істер министрі болып 2009 жылы мамырда тағайындалды. Оның орнына осыған дейін министрлер кабинетінің орынбасары қызметін атқарған Мамметхан Чакыев келді.

Түркіменстанда министрлер мен сот органдарын жемқорлықпен сирек айыпталады. Газ бен мұнайға бай Түркіменстанды 2006 жылдан бері Гурбангулы Бердімұхамедов басқарып отыр. Ол 2017 жылы күштік құрылымдарды «тазартуға» тырысып, бас прокурорды жұмысынан алған кезде Мүліковке ескерту берген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Дариға Назарбаеваның көлік жүргізушісі" Нахиби кім?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00
XS
SM
MD
LG