Accessibility links

Бурятияда митингіге қатысқан депутаттардың әрекетіне баға беруді сұрады


Депутат Баир Цыренов митингі кезінде. 10 қыркүйек 2019 жыл.
Депутат Баир Цыренов митингі кезінде. 10 қыркүйек 2019 жыл.

Бурятияның заң шығару органы Халықтық хуралға "Единая Россия" партиясы атынан сайланған бір топ депутат этика жөніндегі комиссияға шағымданып, митингіге қатысқан депутаттардың әрекеттеріне баға беруді сұрады.

Комиссияға жолданған мәлімдемеде нақты аты-жөндер көрсетілмеген. Тек соңында 30 шақты депутаттың қолы бар. Басым бөлігі - "Единая Россия" мүшелері. Оған аймақтық дума төрағасы Владимир Павлов қол қойған. Бұдан бұрын сот Халықтық хуралға коммунистік партия атынан сайланған депутаттар Баир Цыренов және Леонтий Красовскийге 9-10 қыркүйек күнгі рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін 15 мың рубль көлемінде айыппұл салған.

Этика жөніндегі комиссия жетекшісі Екатерина Цыренова депутат Красовскийге акцияға қатысу себебі жайлы 14 қазанға дейін түсініктеме жазып әкелуді тапсырған.

9 қыркүйекте Улан-Удэ орталығында митингі өтіп, тұрғындар 8 қыркүйек күнгі қала мэрі мен мемлекеттік кеңес мүшелері сайлауының қорытындысына наразылық білдірді. Акцияға қатысушылар "Кремльге жорық" жасамақ болған саха бақсысы Александр Габышев пен оның жақтастарына да қолдау білдірді.

12 қыркүйекте арнайы жасақ өкілдері наразылар отырған автобусқа түтін шығаратын құты лақтырып, қашып шыққан адамдарды ұстап әкетті. Полиция наразыларды көзден жас ағызатын газ шашты деп айыптады. Оқиға кезінде 17 адам ұсталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG