Accessibility links

Канберра: Иран Австралияның ерлі-зайыпты блогерлерін босатты


Австралия блогерлері Марк Фиркин және Джоли Кинг.
Австралия блогерлері Марк Фиркин және Джоли Кинг.

Австралия үкіметі Иран "тыңшылық жасады" деп айыптап, қамауға алған ерлі-зайыпты блогерлердің бостандыққа шыққанын хабарлады.

Австралияның сыртқы істер министрі Мэрис Пэйн блогерлер Марк Фиркин және Джоли Кинг Иранмен келіссөзден кейін босатылғанын айтты. Шілде айынан бері Тегерандағы Эвин түрмесінде отырған екі блогерге тағылған айыптар алынған.

"Иранда Австралияның тағы бір азаматы қамауда отыр" деді Пэйн.

Қыркүйек айында Иранның мемлекеттік Mizan агенттігі Фиркин мен Кингке "әскери нысандарды дронмен түсірді" деген айып тағылғанын хабарлаған.

Ерлі-зайыпты блогерлер түрлі саяхаттары жайлы соңғы екі жыл бойы әлеуметтік желіге үздіксіз жазып келген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG