Accessibility links

"Древний Рим" ісі: Күдіктілер тергеушілердің айтқан жоққа шығарды


"Древний Рим" ісі бойынша сот. Қарағанды, 8 қазан 2019 жыл.
"Древний Рим" ісі бойынша сот. Қарағанды, 8 қазан 2019 жыл.

Қарағандыда сот «Древний Рим» мейрамханасындағы жаппай төбелеске қатысты істі қарап жатыр. Қаңтардың басында мейрамханадағы жанжалдан 23 жастағы Рақымжан Жансейіт қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Айыпталушылардың біразы сотта жауап беруден бас тартып отыр. Төбелестен кейін күдікті ретінде 12 адам қамауға алынған. Тағы бір күдікті елден шықпау туралы қолхатпен босатылған. Бір адам Ресейге қашып кетіп, іздеу жарияланған.

8 қазанда сотта адам өліміне негізгі күдікті 23 жастағы Юсиф Н. жауап беруі керек еді. Бірақ ол сотта «дайын емеспін» деп сөз сөйлеуден бас тартты. Оның ағасы да (Васиф Н) сотта сөйлеуге «дайын болмады».

Тағы төрт күдікті –Илья Щ., Каир Н., Жасур П. және Арман О. сотта жауап бергісі келмеді. Судья «күдіктілерге өз ойларын жинақтауға жеткілікті уақыт берілді және олар жауап бермеуге құқылы» деп сотты жалғастыра беретінін айтты.

Ал сотта жауап беруге келіскен күдіктілер алдымен мерт болған жігіттің жақындарынан кешірім сұрады. Айыпталушылардың оқиғадан кейін айтқан сөздері сот кезінде біраз өзгерді. Күдіктілер тергеудің айтқанын жоққа шығарып, тергеушілер «сөзімізді өзгертіп жіберіпті» деді. Прокурорлардың пайымдауынша, айыпталушылар ойларын өзгерткен, олар басында адамдардың артынан қуып соққандарын айтқан.

Прокурорлардың сөзінше, айыпталушылар Юсиф және Нарек төбелестен кейін жанындағыларға келіп, бір адамды пышақтағандарын айтқан. Бірақ сотталушылар прокурорлардың сөзін жоққа шығарып, адам өлгенін ертеңінде білгендерін жеткізді.

Рақымжан Жансейіттің мәйіті 1 қаңтарда табылған. Кейін Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында төбелес болғаны анықталған.

Бұған дейін тергеушілер «Рахымжан Женсейітті бірнеше адам соққанын, кейін пышақтағанын» айтқан. Адам өліміне күдіктілердің бірі – Юсиф Н. Ол тағылған айыпты мойындамайды. Оның досы – Каир Н. тергеу кезінде қысым болғанын, ешкімге пышақ жұмсамағанын айтады. Бірақ ол қорыққанынан мейрамханадан пышақ алып, сыртқа шыққанын мойындап отыр. Тағы бір күдікті Илья Щ. (мейрамханада официант болған) сол түні бір жігітті тепкілеп жатқанын көргенін, өзі де біреуге аяқ жұмсағанын, бірақ аяғы ешкімге тимегенін айтты. Ол сот кезінде кейбір күдіктілерге қарсы жауап берді.

Тергеудің дерегінше, Юсиф пен Нарек пышақ салған. Нарек төбелестен кейін Ресейге қашып кеткен. Оған іздеу жарияланған. Оның Қазақстанға экстрадициялау мәселесі әлі шешілген жоқ.

«Древний Римдегі» төбелес Қарағандыда үлкен шу туғызған. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде төбелеске армян ұлтының өкілдері қатысқаны туралы хабар тараған. Кейін Қазақстан мен Армения билігі бұл тұрмыстық төбелес болғанын, оған «ұлтаралық сипат беруге негіз жоқ» деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG