Accessibility links

"ҚДТ-ны қолдады" деп айыпталған отставкадағы майор сотта жауап берді


"Тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты" деп айыпталған 68 жастағы Болатхан Жүнісов сот залында тұр. Талдықорған, 16 қыркүйек 2019 жыл.
"Тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты" деп айыпталған 68 жастағы Болатхан Жүнісов сот залында тұр. Талдықорған, 16 қыркүйек 2019 жыл.

8 қазанда Талдықорғанның қылмыстық істер жөніндегі сотында 68 жастағы оставкадағы ІІМ майоры Болатхан Жүнісовтің соты жалғасты. Зейнеткер биыл екінші рет істі болып жатыр. Оған Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының жұмысына араласты деген айып тағылған.

Айыпталушы Жүнісов сотта адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің, прокурор және судья Бейбіт Тұрысовтың сұрақтарына жауап берді. Жүнісов өз сөзінде Қазақстанның президенттік басқару жүйесінен парламенттік басқару жүйесіне бейбіт жолмен өзгергенін қалайтынын айтты. Бұған қоса, айыпталушы Мұхтар Әблязовты (ҚДТ қозғалысының жетекшісі, Қазақстан билігін сынаушы экс-банкир – ред.) танымайтынын, одан ақша алмағанын, ҚДТ қозғалысына мүше еместігін жеткізді.

Жүнісов сотта 6 шілдеде ешкімді митингіге шақырмағанын айтты. Отырыс кезінде судья Бейбіт Тұрысов "Facebook парақшасында "Шал, кет!" деген лозунг жариялағанын, "шал" деп кімді меңзейтінін сұрады. Айыпталушы "шал" деп Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты айтқанын жеткізді. Болатхан Жүнісов шілдеден бері қамауда отыр.

Келесі сот отырысы 11 қазанда өтеді.

2018 жылы Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын экстремистік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған. Осыдан кейін ұйымның жақтастары жауапқа тартыла бастаған. Кейбір заңгерлер ҚДТ қозғалысын экстремистік ұйым деп таныған сот шешімімен келіспейді.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG