Accessibility links

Ресей мен Солтүстік Корея жалған ақпаратпен "бірігіп күреседі"


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің ТАСС агенттігі және Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі Пхеньянда әріптестік туралы жаңа келісімге қол қойды. Екі агенттік жалған ақпаратпен бірігіп күресуге уағдаласты.

"Ақпарат саласында деректердің бұрмалануын жиі байқап жүрміз, жалған ақпаратпен күресуіміз қажет" деді Кореяның орталық телеграф агенттігінің бас директоры Ким Чан Гван.

Бұған дейін Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігі ақпарат департаментінің директоры "Ресей мемлекеттік ақпарат құралдары Вашингтон мен Пхеньян арасындағы мәселеде Солтүстік Корея ұстанымын объективті жеткізеді" деп бағалаған.

Пхеньянға барған Ресей делегациясының құрамында "Роспечать" басшысы Михаил Сеславинский, Бірінші арна басшысы Константин Эрнст, ТАСС агенттігінің өкілдері Сергей Михайлов, Михаил Гусман және Марат Абулхатин болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG