Accessibility links

Өзбекстанды билікті сынаған блогерді босатуға шақырды


Блогер Нафосат Оллашукурова.
Блогер Нафосат Оллашукурова.

Халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to protest journalists) Өзбекстан билігін блогер Нафосат Оллашукурованы босатуға шақырды. Мемлекеттік органдардың жұмысын жиі сынап, әлеуметтік желіде пост жазатын блогерді сот өткен айда психиатриялық ауруханаға жатқызған.

30 қыркүйекте Хорезм облыстық соты 10 күнге қамалып шыққан Нафосат Оллашукурованы облыстық психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы шығарған. Бұл ақпаратты блогердің анасы және жергілікті БАҚ хабарлады.

Өзбекстан билігі "барлық журналистерге оқиғадан еркін ақпарат таратуға мүмкіндік беруі керек" деді "Журналистерді қорғау комитетінің" Еуропа және Орталық Азия бойынша бағдарламалар үйлестірушісі Гульноза Саид. Ұйымның мәлімдемесі 8 қазанда жарияланды.

"Егер Өзбекстан реформалардың шынайы жүзеге асып жатқанын көрсеткісі келсе, журналистерді психиатриялық ауруханаға жіберу сияқты тоталитарлық жазалау әдістерінен арылуы қажет" деді Саид.

Журналистерді қорғау комитетінің дерегінше, Нафосат Оллашукурова Facebook-та Шабнам Оллашкурова (Shabnam Olloshkurova) деген атпен тіркелген. Оған жазылушылар саны төрт мыңнан асады. Блогер билік өкілдерінің үйлерді заңсыз бұзуы, жемқорлық сияқты тақырыптарда пост жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG