Accessibility links

Иран билігі Ресей журналисін босатты


Ресей журналисі Юлия Юзик.
Ресей журналисі Юлия Юзик.

Иран билігі Ресей журналисі, орыс тілінде жарық көрген "Невесты Аллаха" ("Аллах қалыңдықтары" - ред.) кітабының авторы Юлия Юзикті босатты. Тегерандағы Ресей елшілігі журналистің Ираннан Мәскеуге ұшып кеткенін хабарлады.

Иран Ислам революциясы сақшылары Юзикті 4 қазанда қонақ үйде ұстаған. Журналист Борис Войцеховскийдің сөзінше, оны "Израильдің арнайы қызмет өкілдерімен әріптестік орнатты" деп айыптаған.

-Иран Ислам революциясы сақшылары қонақ үй бөлмесінің есігін бұзып кірді. Мәскеуге хабарласуға кеше (8 қазан - ред.) ғана рұқсат берді, бір минут қана сөйлестірді",- дейді Войцеховский.

7 қазанда Иран билігінің ресми өкілі Әли Рабии Юлия Юзикті тыңшылық емес, визалық мәселелерге байланысты ұстағанын хабарлады.

Юлия Юзик Ресейдің Ростов облысында 1981 жылы туған. Солтүстік Кавказдың "өзін-өзі жарған" екі қызы туралы "Невесты Аллаха" атты кітабы жарық көргеннен кейін танымал болған.

2016 жылы мемлекеттік думаға "ПАРНАС" партиясы атынан кандидатурасын ұсынған. Журналист Кавказда да қоғамдық жобалармен айналысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG