Accessibility links

Нобельдің әдебиет саласындағы сыйлығы берілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Швед академиясы 10 қазанда Нобель сыйлығының әдебиет саласындағы былтырғы және биылғы лауреаттарының аты-жөнін жариялады. Нобель сыйлығын әдебиет саласы бойынша поляк жазушысы Ольга Токарчук пен Австрия жазушысы Петер Хандкеге берілді.

Былтыр жыныстық бопсалау дауынан кейін Нобельдің әдебиет саласындағы сыйлығы ешкімге берілмеген. Швед академиясының мүшесі, ақын Катарина Фростенсонның күйеуі фотограф Жан-Клод Арно "болашақ лауреаттардың есімін алдын ала жариялады" деген күдікке ілініп, "жыныстық бопсалау" бабы бойынша айыпталды. Кейінірек екі жылға сотталды.

2018 жылы қараша айында Нобель сыйлығының әдебиет саласы бойынша жаңа комитеті құрылып, 1 ақпаннан бастап іске кіріскен.

2018 жылы "Нобель сыйлығына балама" сыйлықты әдебиет саласы бойынша отарлау дәуірін зерттеген жазушы Мариз Конде алды.

Нобель сыйлығын швед өнертапқышы әрі өнеркәсіпші Альфред Нобель тағайындаған. Сыйлық пен оның бір миллион долларға жуық ақшалай жүлдесі Альфред Нобель қайтыс болған күн - 10 желтоқсанда табысталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG